Ақсуда ЖЭО генераторы дұрыс жұмыс істеуі үшін ірі-қара құрбандыққа шалынды

иллюстрация үшін алынды
Дәстүр бойынша, бізде ірі жобалар жүзеге асқанда немесе кәсіпорын нысандарының құрылысы қайта жөнделсе, дін қызметкерлерін шақырып батасын аламыз - компания өкілі.

Павлодарда энергетика саласының мамандары Ақсу жылу электр орталығында генератордың жақсы жұмыс істеуін тілеп, ірі қараны құрбандыққа шалды. Онымен қоймай, құрбандыққа шалынған мал қанын темір-терсекке шашқан, деп хабарлайды zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

"Құрбандыққа шалынатын малды жүк көлігімен орталыққа алып кірген. Онда жасалған жөн-жоралғыға зауыт жұмысшыларының барлығы қатысты. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, электр орталығындағы бір турбинада ақау шығып әбігерге түскен екен. Кәсіпорын басшылары бұны әлдебір жұмбақ күштің кедергі келтіруінен жұмыс тұрып қалды деп сенсе керек. Құрбандыққа мал шалып, оның қанын әлгі қосалқы бөлшектерге шашқан", - дейді телеарна тілшісі.

Әйгерім Иманғазинова, "ЕЭК" АҚ коммуникация бойыншы жетекші маманы:

- Дәстүр бойынша, бізде ірі жобалар жүзеге асқанда немесе кәсіпорын нысандарының құрылысы қайта жөнделсе, дін қызметкерлерін шақырып батасын аламыз. Бесінші блок іске қосылғанда да солай істедік. Бұл - жұмысшылардың бастамасы. Етті аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға тараттық.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды