Есікте жоғалып кеткен 16 жастағы қыз Алматыдан табылды

pxhere.com
Биыл Еңбекшіқазақ ауданында іздеу жарияланған 30 адам табылды.

Еңбекшіқазақ ауданының тәртіп сақшылары үйінен белгісіз бағытта шығып, із-түссіз жоғалған 16 жастағы қызды Алматы қаласынан тапты. Іздеу жарияланған қыз аман-есен ата-анасына табысталды, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысының полицейлеріне сілтеме жасап.

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында Есік экономикалық-педагогикалық колледжінде білім алатын қыздың жоғалғаны және оны іздестіруге аудандық және облыстық із кесушілер жұмылдырылғаны туралы ақпарат таралған болатын.

Полицейлер таратқан ақпаратқа байланысты, тәртіп сақшылары іздеу салынған қыздың туыстарымен бірлесіп, бүгін оны Алматы қаласында аман-есен тапқан. Алдын ала тергеу барысында оның жанұялық жанжал кезінде үйінен кетіп қалғаны анықталды. Тәртіп сақшылары кәмілеттік жасқа толмаған жасөспірімді арнайы есепке қойды.

"Аудандық полицияға қызының белгісіз бағытта кеткені туралы әкесі арызданған. Жасөспірімнің мекенжайын анықтауға тәжірибелі мамандар жұмылдырылып, 4 күн ішінде таптық. Биыл Еңбекшіқазақ ауданында іздеу жарияланған 30 адам табылды. Оның ішінде 3 кәміметке толмаған бала бар. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары бұған дейінгі жылдары жоғалған 7 тұлғаның мекенжайын анықтаған", - деп толықтырды ведомствоның баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді