Алматы әуежайында ұшақ құлады

instagram
Ұшақ Қызыл ту ауылы бағытында әуеге көтерілген.

Әзірге белгілі ақпарат бойынша, Алматы әуежайынан Нұр-Сұлтан бағытында ұшуы тиіс болған "Бек Эйр" әуе компаниясының ұшағы әуеге көтерілер кезде апатқа ұшырады, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы әуежайының диспетчерлік қызметінің операторынан түскен ақпарат бойынша, "Алматы - Нұр-Сұлтан" бағытында әуеге көтерілген "Бек Эйр" әуе компаниясының кемесі радардан жоғалып кетті.

Жолаушылар саны – 95. Экипаж саны – 5. Ұшақ түрі: "Фоккер-100".

Алматы әуежайындағы көліктегі полиция бөлімінің кезекшісінен түскен ақпарат бойынша, Қызыл ту ауылы аумағында ұшақ құлады. Оқиға орнына құтқарушылар тобы мен Алматы қаласының авиациялық көлік прокуроры аттанды.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінің ақпараты бойынша, құтқару жұмыстары бірден басталды, ұшақ өртенген жоқ. Әуе кемесінің жолаушылары мен экипажын эвакуациялау жүргізілуде.

Қазіргі уақытта қаза тапқандар саны – 7 адам.

ҚР Премьер-министрінің тапсырмасымен Премьер-министрдің орынбасары басқаратын Үкіметтік комиссия құрылды. Комиссия құрамына ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі және басқа мемлекеттік органдардың өкілдері кірді. Комиссия оқиға орнына аттануда.

Оқиғаның нақты себептері мен мән-жайын анықталады. Апат жағдайлары анықталғанға дейін осы типтегі әуе кемелерінің ұшуы уақытша тоқтатылады.

Алдын-ала мәліметтер бойынша, бортта 95 жолаушы, 5 экипаж мүшесі болған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Крушение самолёта авиакомпании «Bek Air» во время вылета из аэропорта Алматы. Сегодня утром. Есть жертвы. Информация уточняется. Видео: @maral_yerman

Публикация от Александр Цой (@alexandr_tsoy)

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Білім беру жинақтау салымы бойынша түзетулер енгізілді

Астанада Тарихшылардың ұлттық конгресінің форумы өтті

Тұман, көктайғақ: ертең қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Қазақстандағы мобильді аударымдар: қандай азаматтар тексеріледі