Ажырасқан ер адам балаларын әйеліне тартқаны үшін аяусыз сабаған

Pixabay
Балаларды әкесі мен өгей шешесі үнемі қолмен де, аяқпен де, тіпті бейсбол таяғымен де ұрып-соққан.

Фрунзе аудандық соты Санкт-Петербург қаласының тұрғыны Максим Бердниковты екі айға қамауға алды, деп хабарлайды Вести.

Оның жұбайы Татьянаның да қамауда болу мерзімін үш күнге ұзартты. Ерлі-зайыптыларға "алты жасар қызы мен төрт жасар ұлын азаптады" деген айып тағылуда, деп хабарлады қалалық соттардың бірлескен баспасөз қызметі.

Жұма күні Санк-Петербургтің Бас тергеу басқармасы 1996 жылғы ер адам (балалардың әкесі) мен 1984 жылғы әйел (өгей шеше) өздерінің қызы мен ұлын азаптады деген күдікпен бірнеше қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Бердников үнемі ұрып-соғу арқылы кәмелетке толмағандарға физикалық және психикалық азапқа түсірген деп айыпталды. Санкт-Петербургтің Фрунзе аудандық соты Татьяна Бердникованың қамауда болу мерзімін 72 сағатқа ұзарту туралы шешім шығарды. Бердникова күйеуімен бірге балаларды азаптады деп айыпталуда, деп хабарлады соттың бірлескен баспасөз қызметі.

Тергеу мәліметтері бойынша, 2014 жылғы қыздың әкесі мен өгей шешесі оны қолмен де, аяқпен де, тіпті бейсбол таяғымен де ұрған. Қыз балаға медициналық көмек көрсетілмеген, соққы салдарынан алынған жарақат іріңдеп, асқынған. Сондай-ақ ер адамның 2015 жылғы туған ұлын да ұрғаны анықталды. Қазіргі уақытта балалар мамандандырылған мекемеге орналастырылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды