2019 жылдың аяғында Қытайдың Ухань қаласында пневмонияны қоздыратын жаңа коронавирус пайда болды. Қытайдың 25 провинциясында 800-ге жуық оқиға тіркелді, олардың 13-і ірі індет ошағы болып табылады. Қытайдың 8 қаласында көлік қозғалысына шектеу қойылған, Ухань қаласының өзі карантинге жабылды. Дерттің қауіптілігі туралы егжей-тегжейлі медицина ғылымдарының кандидаты, Әкімбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығының маманы Райхан Мұсағалиева айтып берді, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.
- Уханьда бірнеше рет болғанмын, ол - өнеркәсіптік қала, биомедицина өндірісіндегі қала, онда көптеген дәрі-дәрмек өндіріліп шығарылады, әртүрлі генетикалық түрлендірілген тамақ өнімдері алынады, қаланың аумағы - 15 мың шаршы шақырым. Онда клиникалық зерттеулер жүргізетін ауруханалар бар, міне дәл осындай қаладан тіркеліп отыр ғой қауіпті вирус (коронавирус-авт). Өздеріңіз білетіндей, теңіз өнімдері сатылатын жерден бастап вирус тараған, бірақ инфекция ошағы жарқанаттар болуы мүмкін. Теңіз өнімдерінен мамандар қауіпті ештеңе таппаған, сонда неге ол теңіз өнімдері нарығынан бой көрсетті? Мүмкін, тамақ жарқанаты бар жерлерде сақталған болуы мүмкін. Бұл - тропикалық өңір, жазы өте ыстық, қазір онда күн өте жылы әрі ылғалды, бұл вирус қоздырғышының көбеюіне өте қолайлы жағдай, - дейді ол.
Оқи отырыңыз: "Скафандр" киген дәрігерлердің суреті елді шошытты
Жаңа коронавирус адамнан адамға жұғады, бұл өте қауіпті, өйткені әлемде жаңа вирусқа қарсы дәрі-дәрмектер мен вакциналар жоқ. Алайда әлем бойынша төтенше жағдай жарияланған жоқ.
Аурудың негізгі белгілері - ЖРВИ-ге ұқсас тыныс алу жолдарының қабынуы (ыстықтың көтерілуі, жөтел, демігу, дененің ауыруы, тез вирустық пневмонияға айналады, тыныс алу және жүрек соғуы жиілейді), инкубация кезеңі нақты белгісіз, 4-тен 14 күнге дейін.
Тағы да: Қытайда тұратын қазақстандық әйел вирусқа байланысты онда не болып жатқанын айтып берді
Науқас адаммен жолыққанда жаңа коронавирусты тез жұқтыруы мүмкін адам санатына мыналар жатады: ұзақ уақыт созылмалы аурумен ауыратындар, қарттар, иммунитеті төмен адамдар, сондай-ақ медицина қызметкерлері. Вирус шикі сүт, шикі теңіз өнімдерінде және дұрыс термикалық өңдеуден өткізілмеген ет, балықта болады. Вирус 56 градус Цельсий температураға төтеп бере алады.
Карантинге жабылған ухандықтар дүкенде тамаққа таласып жатыр
Альберт Ахметов