Бүкіл істі жиып қойып, кабинетінде карта ойнаған әкім жазаға тартылды

видеодан алынды
Ойынпаз әкім облыстық тәртіптік кеңестен бір-ақ шықты.

Түркістан облысында ауыл әкімі қызмет орнында құмар ойын ұйымдастырғаны үшін тәртіптік жазаға тартылып жатыр, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

- Мынау біздің Шардара ауылының әкімшілігі, карта ойнап жатыр, халықтың қамын жейтін кісілер бәрі.

Шардара ауданына қарасты Қауысбек Тұрысбеков ауылдық аймағының әкімі Әлібек Сейдалиевтің кабинеті. Ауылдың игі жақсыларын жиған ол, жұмыстан бір сәт сергиін деді ме, әлде бар шаруасын бітіріп тастады ма, әйтеуір қызу ойынға кірісіпті. Нәтижесінде ойынпаз әкім облыстық тәртіптік кеңестен бір-ақ шықты. Кінәсін бірден мойындап, енді қайталанбайтынын айтқанымен, кеңес мүшелері оған сенбеген сияқты.

"Валетті ұстаймын" деп бәлеге қалған азаматты ауыл әкімі қызметіне сай емес деп танып, аудан басшылығына тиісті шара қолдануды тапсырды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Азаматтардың өтініші көбейді: Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер нені талқылады

Жаңа тарихи белеске қадам басу: Қазақстанда стратегиялық даму жөніндегі сарапшылар тобы құрылды

Атырауда отыз отбасы "Отбасы банктен" баспаналы болды

Алматыда Сайран көлі маңынан қару мен патрондар табылды – полиция тексеруді бастады

Шығыс Қазақстан облысында жаңа ветеринариялық пункттер ашылуда