Ақмолада "жұмысын тоқтатсын" деп сот үкімі шыққан зиянды зауыт әлі жұмыс істеп тұр

иллюстрация үшін алынды
Ал Экология министрлігі бұл зауыттың таяу күндері көшірілетінін айтып, жұртты сендіруге тырысты.

Ақмола облысы Целиноград ауданындағы медициналық қалдықтарды өртейтін зауыт жақын арада басқа жерге көшіріледі. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзум Мырзағалиев арнамызға берген сұқбатында айтты, - дейді astanatv.kz.

2017 жылдан бері кәсіпорыннан шыққан түтінмен уландық деген қос ауылдың тұрғындарынының жанайқайын күні кеше көрсеткен едік. Санитарлық мамандар медициналық қалдықтар өртелген жердегі түтін құрамында, халықтың денсаулығына зиян келтіретін 5 түрлі заттың барын растаған болатын. Жағдайдан хабардар министр, бұқараның жанайқайы жерде қалмайды деді.

Мағзум МЫРЗАҒАЛИЕВ, ҚР ЭКОЛОГИЯ, ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРІ:

- Зауыт жаңа жерге көшірілу жоспарланған. Демек, инвестор, сол зауыттың қожайындары жер учаскесін сұрады. Осы халықтың мұқтажын ескере отырып және халықтың талабын ескере отырып біз сол зауыттың қожайындарымен сөйлестік. Сондықтан, көшіру мәселесі біздің бақылауымызда.

Бұл мәселе сотта қаралып, сот 4 желтоқсан күні "компания жұмысын тоқтатсын" деген шешім шығарған еді. Алайда кәсіпорын өз жұмысын жалғастырып келді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты