Рыбакина "Ролан Гаррос" турнирінің алғашқы айналымында қарсыласын ойсырата ұтты

Рыбакина "Ролан Гаррос" турнирінің алғашқы айналымында қарсыласын ойсырата ұтты, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.05.2026 17:52 Сурет: instagram.com/wta
Қазақстандық теннисші, әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина "Ролан Гаррос"-2026 турниріндегі өнерін сәтті бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бірінші айналымда Рыбакина словениялық Вероника Эрьявецпен (85-орын) кездесіп, оны екі сетте 6:2, 6:2 есебімен жеңді.

Енді турнирдің келесі кезеңінде Еленаның қарсыласы украиналық Юлия Стародубцева (54-орын) болады.

Айта кетейік, биылғы "Ролан Гаррос" турнирінің жүлде қоры - 61 723 000 еуро. Турнир жеңімпазы 2 800 000 еуро (сонымен қатар 2 000 рейтингтік ұпай) иеленеді.

Елена Рыбакина "Ролан Гаррос" турниріндегі ең үздік нәтижесін 2021 және 2024 жылдары көрсеткен. Сол кезде ол жарыстың ширек финалына дейін жеткен еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: