Қостанайда бір әйел екі баласы мен өзін өлтірмекші болды

news.megatyumen.ru
Зардап шеккендердің барлығы ауруханаға жатқызылды.

Қостанайда 26 жастағы әйел екі кішкентай баласы мен өзін пышақтап өлтірмек болды, деп хабарлайды zakon.kz kstnews.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл ақпаратты денсаулық сақтау басқармасы растады.

KСK ауданынан таңғы сағат үште қоңырау келіп түсті. 26 жастағы әйел (ана) қалалық аурухананың жедел жәрдем бөліміне жеткізілді. Ол өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Әйелдің білегі тілінген, - деді басқарманың баспасөз хатшысы Ксения Жылқыбаева.

Сондай-ақ оның екі баласы облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Бір жасар және үш жасар балалары да білегінен жарақат алған. Дәрігерлердің айтуынша, әйел психикалық күйзелісте болған. Қазір оның жағдайы тұрақты. Ол қалалық аурухананың травматология бөлімінде жатыр. Қос бала балалар ауруханасының травматология бөліміне орналастырылған.

Әйелді мұндай қадамға не итермелегені, әзірге белгісіз.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі