Ақтауда бақылау бекетінде тұрған полиция қызметкерін біреу қағып кетті

Lada.kz
Полиция қызметкерін қаққан жүргізуші ұсталды.

Ақтауда біреу мобильді бекетте тұрған полиция қызметкерін қағып кетті, деп хабарлайды zakon.kz.

Зардап шегуші ауруханаға жеткізілді.

Оқиға орнына жедел жеткен дәрігерлер 1998 жылғы жас жігітке жамбасының сынуы, оң жақ тізе буынының зақымдануы, сондай-ақ басының жабық жарақаты деген диагноз қойды, деп хабарлады Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Нұрбол Оқуов Lada.kz сайтына.

Полиция қызметкерін қаққан жүргізуші ұсталды.

Түнгі сағат 21:15 шамасында 26 ықшам аудандағы "Достық" сауда үйінің жанындағы мобильді бекетте тұрған полиция қызметкерін Toyota Hilux маркалы көлігін тізгіндеген 54 жастағы жүргізуші қағып кетті. Соққы салдарынан полиция қызметкерінің денсаулығына жеңіл дене жарақаттары келтірілді. Жүргізуші оқиға орнында ұсталды. Аталған факті бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабы, яғни "Төтенше жағдайды бұзу" және ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабы, яғни "Адам денсаулығына зиян келтіретін, көлік құралдарына немесе басқа мүлікке зиян келтірген көлік құралдары жүргізушілерінің жол ережелерін бұзуы" бойынша екі әкімшілік хаттама толтырылды. Көлік айыппұл тұрағына қойылды, деп хабарлады аймақтық ПД баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі