Ұлытау облысында жоғалған малшы табылды

Ұлытау облысында жоғалған малшы табылды , сурет - Zakon.kz жаңалық 24.11.2026 10:35 Сурет: pexels
Ұлытауда құтқарушылар жоғалып кеткен 52 жастағы малшыны тапты. Ер адам Лоқылдақ қыстауы маңында адасып, қай бағытқа барарын білмей қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адамның жоғалғаны туралы хабар Ескула-3 станциясына жақын орналасқан Ақтұмақ қыстауынан түскен.

Іздестіру жұмыстары кезінде малшы құтқарушылармен байланысқа шыққан. Осыдан кейін іздеу тобы оның орналасқан жерін анықтап, үйіне жеткізді.

Малшы зардап шеккен жоқ, оған медициналық көмек қажет болмады.

Бұған дейін Ақмола облысында жоғалып кеткен зейнеткердің мәйіті табылғаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: