Алматы маңында құрылған лагерьде бір үйсіз-күйсіз адам көз жұмған

polisia.kz
Бұл - қиын адамдар, олармен жұмыс істеуде белгілі бір қиындықтар болды - Сағынтаев.

Алматыдағы баспанасыздарға арналып құрылған лагерьде бір мас адам қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz

"Наурыз айының соңында баспанасыздар қауіпті топқа жататындықтан, біз оларды оқшаулауға кірістік. Олар үшін палаткадан арнайы лагерь құрдық, тамақпен қамтамасыз еттік, душ, дәретхана орнаттық, барлық жағдай жасалды. Бұл қиын адамдар, бір жерде отырғысы келмейді, қалада шарлап жүре берсем дейді. Белгілі бір қиындықтар болды. Бір адам көз жұмды, бірақ ол мас болғандықтан қайтыс болды", - деді әкім.

Билік үйсіз-күйсіз адамдарды да коронавирусқа тексерді. Екі тест нәтижесі оң болып шықты. Олар ауруханаға жатқызылып, емделді.

Қазір панасыздарға арналған лагерь жинастырылып алынған.

Бұған дейін Vlast.kz басылымының журналистері баспанасыздарға арналған лагерьде адамдарға қиянат жасайтынын хабарлаған: оларға тамақ бермейді, ұрып-соғады. Осыған байланысты жеті адам лагерьден қашып кетті деп болжанған. Сонымен қатар, басылымның кейіпкерлерінің бірі ол жерде үш адам өлтірілгенін айтқан.

Алматы полициясы бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты