Министр 11 мың адам алданған Грант 24 қаржы пирамидасы туралы: Үшеуін де ұстадық...

liter.kz
Тергеу басталғаннан кейін құрылтайшылар шетелге қашөан. Алайда, қазақстандық қауіпсіздік күштері тез қимылдап, көрші елдердегі әріптестеріне сұрау жіберді. Нәтижесінде құрылтайшылардың бірі Молдовадан, екіншісі Қырғызстаннан, үшіншісі Ресей Федерациясынан ұсталды.

"Гарант 24" компаниясын құрған алаяқтар кем дегенде 11 мың адамды алдап, 8 миллиард теңгені үптеген. Тергеудің осындай алдын-ала мәліметтерін бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде тұрғындармен кездесуде ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Министр алаяқтық компания ел арасында 3 ай бойына жарнама жүргізіп, "ақша тартқанын" айтты. Сонымен қатар, "Гарант 24" ЖШС жарнамасына елімізге танымал тұлғалар мен әртістер де тартылды. Бүкіл схеманы үш адам ойлап тапқан. Олар - компанияның негізін қалаушылар.

Осы ЖШС-нің үш құрылтайшысы алаяқтық жолмен азаматтардың пәтер, көлігін кепілге алу үшін бүкіл Қазақстан бойынша жарнама жүргізген. Олар азаматтардың мүлкін қайта сатып, одан түскен ақшаны иемденген. Осы пирамиданы анықтағаннан кейін үш құрылтайшы үш жаққа қашып кетті, уақтылы қабылданған шаралар арқасында компанияның өңірлердегі 25 директоры, бас бухгалтерлері анықталып, барлығын ұсталып, қамауға алынды. Көптеген құжаттар тәркіленді, мүліктің бір бөлігі де тәркіленді, - деді Тұрғымбаев.

Тергеу басталғаннан кейін құрылтайшылар шетелге қашөан. Алайда, қазақстандық қауіпсіздік күштері тез қимылдап, көрші елдердегі әріптестеріне сұрау жіберді. Нәтижесінде құрылтайшылардың бірі Молдовадан, екіншісі Қырғызстаннан, үшіншісі Ресей Федерациясынан ұсталды.

Бірге әріптесе жұмыс істегеннен кейін шетелдіктер қазақстандық қылмыскерлерлерді бізге тапсырды. Қазіргі уақытта олар түрмеде отыр, тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу бұл істе көптеген құрбан барын анықтады, 11 мыңға жуық жәбірленушінің болуы жағдайды қиындата түсуде. Жалпы келтірілген шығын анықталып жатыр. Бүгінгі таңда ол шамамен 8 млрд теңге, деп сөзін қорытындылады министр.

Істің қалған мәліметтері тергеу мүдделеріне сәйкес ашып айтылмайды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды