Алматыда ажырасқан еркек әйелін тауып алып, пышақтап өлтірмек болды

24.kz
Ерлі-зайыптылардың бірге тұрмағанына 3 жыл болған.

Алматыда ер адам бала күтушіні сабап, өзінің бұрынғы әйелін өлтірмек болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл жаға ұстатар оқиғаны SVET қоғамдық қорындағылар баяндап берді.

Қордың баяндауынша, 28 мамырда бұрынғы күйеуі әйелінің үйіне түнде тығылып кірген.

Өзімен пышақ ала шыққан ер адам бала күтушіні аңдып жүріп, бұрынғы әйелінің тұрып жатқан жерін тауып алған. Ер адам алдымен бала күтушіні ұрып-соғып, содан кейін ұйықтап жатқан әйелінің үстінен түскен. Ол оның үш жеріне пышақ сұғып, қолына ұсақ жарақаттар келтірген. Әйел қарнына, аяғына бағытталған пышақтан дер кезінде айналып кетіп, қаскөйден сытылған. Бұл кезде бала күтуші мен көршілері полиция мен жедел жәрдем шақырған. Полиция қылмыскерді ұстады, бірақ ол онда ұзақ болмады, келесі күні-ақ ер адам оған қоңырау шалып, хат жазып, қоқан-лоқы көрсеткен. Бұл жайтта "өзім кінәлімін" деп айт дегенге көндіруге тырысқан, - дейді қоғам белсенділері.

Қазіргі уақытта қылмыскер бостандықта.

Қордың хабарлауынша, әйелге қазір қысым көрсетілуде. Жәбірленуші психологиялық терапиядан өтіп жатыр.

Айта кету керек, ерлі-зайыптылардың бірге тұрмағанына 3 жыл болған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев