Екі рет қамалса да, бұрынғы әйелін қудалауын тоқтатпаған

Кулаки, драка, насилие, нападение, потасовка, избиение, перепалка, схватка, разборка, разборки, рукоприкладство, побои, конфликт, бой, борьба, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.11.2026 08:43 Фото: pexels
Павлодар облысының тұрғынын бұрынғы күйеуі ұзақ уақыт бойы қудалап келген. Полиция араласқаннан кейін де ер адам әйелге тыныштық бермеген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Павлодар облыстық полиция департаментінің 2026 жылғы 23 қарашада хабарлауынша, ерлі-зайыптылар биыл қаңтарда ажырасқан. Содан кейін ер адам бұрынғы әйелімен қайта қосылуға тырысқан. Сәуір айында ол әйелдің жұмыс орнына барып, әйел қайта қосылудан бас тартқан соң жанжал шығарған.

"Ер адамға қатысты қорғау нұсқамасы шығарылды. Алайда ол бұрынғы әйелін қудалауын жалғастырды. Нұсқама талаптарын бұзғаны үшін ол 10 тәулікке қамалды. Кейін нұсқама талаптарын тағы да бұзып, бұл жолы 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды", – деп хабарлады полиция.

Осыдан кейін де ер адам бұрынғы әйелін мазалауын қоймаған. Ол әртүрлі нөмірден 30 ретке дейін қоңырау шалып, хабарлама жіберген.


"Ер адамның әрекеті ҚР Қылмыстық кодексінің 115-1-бабы (сталкинг) бойынша сараланды", – деп мәлімдеді облыстық полиция департаменті.

Сот ер адамды 100 сағат қоғамдық жұмысқа тарту туралы шешім шығарды.

Бұған дейін Алматыда 35 жастағы әйелді қудалады деген күдікпен 52 жастағы ер адам ұсталған еді. Ол әйелдің соңына түсіп, оған күш көрсетемін деп қорқытқан.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: