Қостанайлық бұрынғы әйелін атып өлтірді

Машина полиции, полицейский автомобиль, полицейские, полиция, автомобиль полиции, полицейская машина, патрульная машина, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.03.2026 10:45 Фото: unsplash
Қостанайда ер адам жанжал кезінде бұрынғы әйелін атып өлтіріп, полицияға өзі берілген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Almaty.tv телеарнасының мәліметінше, 47 жастағы күдікті марқұмның басына аңшылыққа шығатын мылтықпен екі рет оқ атыпты. Ол Қостанай облысындағы "Азаматтарға арналған үкімет" бөлімінің қауіпсіздік қызметінде жұмыс істеген көрінеді. Оның атына тіркелген суық қару тәркіленді.

"Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алдын ала мәлімет бойынша, әйел тұрмыстық жанжал барысында алған оқ жарақатынан көз жұмған. Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел тергеу-шаралары жүргізіліп жатыр", – деді Қостанай облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін қарызға белшесінен батқан қазақстандық бүйрегін сатпақ болғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: