ШҚО-да жас жігіт 81 жастағы әжені ұрып, алтындарын тонап кетті

видеодан кадр
81 жастағы қарт әжейдің үйінің кіреберіс есігін бұзып кірген қаскөй одан ақша мен алтын бұйымдар талап етіпті.

Шығыс Қазақстан облысына қарасты Үлкен Бөкен ауылында жалғызбасты кейуананы ұрып, тонап кетті, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

81 жастағы қарт әжейдің үйінің кіреберіс есігін бұзып кірген қаскөй одан ақша мен алтын бұйымдар талап етіпті. Ал бағалы ешнәрсе таппаған соң, зейнеткерді соққыға жығып, қарапайым әсемдік бұйымдарын қолды қылған.

Зардап шегуші оқиға туралы полицияға өзі хабарлап, күдіктінің қандай киімде болғанын айтып беріпті. Жедел іздеуге кіріскен тәртіп сақшылары 24 жастағы жергілікті тұрғынды ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алды. Анықталғандай, сезікті бұрын егде жастағы әйелге үй шаруасымен көмектескен екен және оның жалғыз тұратынын білген. Сондай-ақ ер адам бұрын ұрлық және бұзақылық жасағаны үшін істі болған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды