Оралда ойын алаңынан қыз баланы ертіп әкетпек болған ер адам ұсталды

Pixabay
Ұсталған азамат масаң күйде болған.

Полиция Оралдағы қызды ойын алаңынан алып кетпек болған ер адамды ұстады, деп хабарлайды zakon.kz БҚО ПД-ға сілтеме жасап.

Күдік туғызатын оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Бөтен ер адамды көршілері тоқтатып, бірі оны ұрып жіберген.

Бұл жайт туралы хабар Орал қалалық ПБ Зачаган полициясының кезекші бөліміне шамамен 21:30 шамасында түсті. Белгісіз біреу Мөңкеұлы көшесіндегі үйдің ауласынан алты жасар қызды белгісіз бағытқа алып кетуге тырысқан.

- Қазіргі уақытта қыздың анасының арызы Орал қалалық ПБ Зачаган полициясы бөлімшесінде тіркелген. Ер адам анықталып, қамауға алынды. Оқиғаның мән-жайы тексерілуде. Осыдан кейін процессуалдық шешім қабылданады, - делінеді қалалық ПД хабарламасында.

Ұсталған азамат масаң күйде болған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін