Өскеменде үйсіз адам саунаға ұрлыққа түсті

Pixabay
Тұрғылықты мекенжайы жоқ адам саунаға заңсыз түрде енген.

06 тамызда "102" жедел арнасына қала кәсіпкерінен өтініш келіп түсті, деп хабарлайды zakon.kz Өскемен қ. ПБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, белгісіз адам ағымдағы жылдың 4-6 тамыз аралығында 1-ші қабатта орналасқан терезе айнасын сындыру арқылы саунаға заңсыз түрде еніп, бассейн сатысын және қоймадан экструдер білдегінің бөлшектерін ұрлаған. Келтірілген шығын құны 280 000 теңгені құрады.

Жедел-іздеу іс-шарасын өткізу нәтижесінде бұрын сотты болған, 1974 жылы туған тұрғылықты мекенжайы жоқ күдікті ұсталды. Тергеу барысында аталған тұлғаның қала аумағында жасалған тағы бір қылмысқа қатысы бар болып шықты. Бұл жолы ол қала тұрғынының ауласындағы бақшасына қашадағы есік арқылы заңсыз түрде кіріп, сол жерден электірлік суару құралын ұрлаған.

Ер адам жасаған қылмыстық әрекеттерін мойындады.

Қазіргі уақытта аталған фактілер бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабымен (ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі