Алматыда сауда үйінде 8 жасар қызды зорламақ болған педофил сотталды

Ол 10 жылға сотталды.

Алматыдағы сауда-ойын-сауық орталығының бірінің дәретханасында балаларға тиіспек болған ер адам 10 жылға сотталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 8 жасар қыздарға зорлық мақсатында әдепсіз әрекеттер жасады деп айыпталған адамға қатысты қылмыстық істі қарады.

Сотта азамат "М-нің" өзінің жыныстық қажеттілігін қанағаттандыруды көздеп, "Мега" сауда-ойын-сауық орталығында 2012 жылы туылған екі жас қызға күш қолданбай әдепсіз әрекеттерін жүзеге асырған, яғни оларға ұялы телефоннан екі рет порнографиялық мазмұндағы видеоны көрсеткені анықталды. Алдымен сауда орталығының фойесінде, содан кейін жәбірленушілердің артынан ілесіп, әйелдерге арналған дәретханада көрсеткен, - деп хабарлады соттағылар.

Сот үкімімен оған ҚР Қылмыстық кодексінің 124-бабы,1 бөлігі (Кәмелетке толмағандарды азғындау) бойынша 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Сот бұл бапта қарастырылған ең ұзақ мерзім деп түсіндірді.

Істің жеңілдететін мән-жайлардың жоқтығын, қылмыскердің жеке басы мен қылмыстың әлеуметтік қауіптілік дәрежесін ескере отырып, сот оған ең ауыр жазаны тағайындады. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ, деп хабарлады сот.

2019 жылдың күзінде Алматыда сауда орталығында бұрын жас баланы азғындыққа итермелегені үшін сотталған 32 жастағы ер адамның 7 жасар қызды зорламақ болғандығы туралы хабарланды. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабы - ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы, 4-бөлігі (жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық) және ҚР Қылмыстық кодексінің 124-бабы, 1-бөлігі бойынша айып тағылды.

- Маньяк дәретханаға кіріп,күтіп тұрған. Қыз дәретханаға кіргенде анасы дәлізде қалып қояды. Сол сәтте ол оны ұстап алып, кабинкаға кіргізеді. Сөйтіп оған ұялы телефонынан әртүрлі ұятсыз видео көрсеткен. Келесі кабинкадағы бір әйел оны естіп: "Кім бар? Кім бұл?" деп есікті тақылдата бастайды. Сол кезде ер адам "бос емес" деп жауап береді. Әйел бар күшімен есікті ашуға тырысып, күзет пен полиция шақырады. Сөйтсе ол қызды сол жерде зорламақ болған екен. Түстен кейін қаладағы сауда орталығында, елестетіп көріңізші, бұл сұмдық қой. Бәріміздің балаларымыз, қызымыз бар. Одан кейін қалай қорықпайсыз, - делінген әлеуметтік желіде пайда болған хабарламада.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: