Карантинді бұзған Қайрат Нұртас үшін кәсіпкер айыппұл төледі

видеодан алынды
Кәсіпкер әнші Қайрат Нұртасты шақырып, ұжымдық, ойын-сауық іс-шараларын өткізген.

Ақтөбе облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті эстарада жұлдыздарын шақырып, корпоративтер өткізген бірнеше кәсіпкерге айыппұл салды. Ал әлеуметтік жауапкершілікті ескермейтін шоу-бизнес өкілдері бұл жолы да жауаптан құтылып кетті, деп хабарлайды zakon.kz arasha.kz сайтына сілтеме жасап.

Мейрамханаларды жағалап, адамдардың шектен тыс жинап жүрген эстрада жұлдыздарының қатарында Қайрат Нұртас, Айқын Төлепберген және Бүркіт пен Айша бар.

"Қайрат Нұртас қатысқан шара бойынша "Auz.T" тамақтану желісінің жеке кәсіпкеріне 319 470 теңге көлемінде айыппұл салынды. Кәсіпкер ұжымдық, ойын-сауық іс-шараларын өткізген. Келушілердің де, ұйымдастырушылардың да медициналық маскалары болмаған, адамдар арасындағы әлеуметтік арақашықтық сақтамаған. Және Айқын Төлепбергенов қатысқан шара бойынша "Арвана-гранд парк" лаунж-барының заңды тұлғасына қатысты тексеру болды. Тексеру барысында заңды тұлға жеке тұлғаға жалға бергендігі жөнінде белгілі болды. Осы обьектіге қатысты қайтара жеке тұлғаға тексеру актісі ашылып, жеке тұлға З.Тухмухамбетоваға 41 670 теңге көлемінде айыппұл салынды", – дейді Ақтөбе облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Қазақстан азаматтарына заңның ортақтығын айтып, әншілердің не себепті жауаптан босау себебін сұрағанымызда аймақтағы эпидемиологтар: "Әнші – Алматы қаласының тұрғыны" деп қысқаша қайырды. Ал Бүркіт пен Айша қатысқан мерекелік кешке қатысты тексеру жасалынатынын айтты. Әншілердің жарнамасы желіде ашық хабарланып жатыр.

Қазіргі уақытта ақтөбелік эпидемиологтар шектеу карантиндік шараларын бірнеше рет бұзған 13 нысанның қызметін тоқтату үшін әкімшілік сотқа жүгінген.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды