Қарағанды облысында түрмеде отырғандар аштық жариялады

Олар сот үкімімен келіспейді.

Қарағанды ​​облысында сотталған екі азамат аштық жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.

Сотталған Ерслан Бакишев пен Азамат Әдеубеков өз наразылықтарын білдіруде аштық жариялады.

3 қаңтарда Қарағанды ​​облысындағы ҚАЖ АК-159/1 мекемесінде мерзімін өтеп жатқан Азамат Әдеубековтен тамақтан бас тартатындығы туралы арыз келіп түсті. Ол өзінің бұл әрекетіне сот үкімімен келіспейтіндігі түрткі болғанын айтқан. Мекеме әкімшілігіне қандай да бір талаптары жоқ. АК-159/1 мекемесінің медицина қызметкерлері тәулік бойы Әдеубековтың денсаулығына бақылау жүргізеді, деп хабарлады Қарағанды ​​облысы бойынша ҚАЖ.

Тағы бір сотталған Ерслан Бакишев 5 қаңтарда аштық жариялады. Ол да қазір дәрігерлердің бақылауына алынған.

Балқаш қалалық сотының үкіміне сәйкес, Әдеубеков пен Бакишев аса ірі көлемде ұрлық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Тергеу мәліметтері бойынша, ер адамдар үйде орнатылған бақылау камерасын өшіріп, жергілікті тұрғынның коттеджіне ұрлана кіріп, жалпы сомасы 15 миллион теңгеге жуық ақша және зергерлік бұйымдарды алып кеткен.

Сот Әдеубековты 8,5 жылға бас бостандығынан айыра отырып, оны қатаң режимдегі колонияда өтеуді бұйырды. Сот бұл адам бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын және пробациялық бақылауда болғанын ескерді.

Осы қылмысы үшін Бакишев болса, 5 жылға қауіпсіздігі орташа колонияда өтеу міндетімен сотталды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: