Онлайн-ойын үшін енесінің ақшасын ұрлаған келін ұсталды

gomel.today
Наурыз айының соңында келін енесінің барлық құжаттарының қолжетімді екенін пайдаланып, өз телефонынан қайын енесінің есепшотына кіре алатындай қосымша ашып алады.

Ақмола облысының 35 жастағы тұрғыны онлайн-ойын ойнау үшін қайын енесін тонаған, деп хабарлайды zakon.kz.

Степногорск қаласында 57 жастағы әйел жергілікті полиция бөліміне арыз түсірді. Ол банктегі есепшотындағы ақша жоғалғанын айтты.

Оның айтуынша, белгісіз біреу телефонындағы банктік қосымшасының көмегімен шотынан 81,5 мың теңгені қолды қылған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары кінәсін мойындаған 35 жастағы күдіктіні ұстады. Ол жәбірленушінің келіні болып шықты. Наурыз айының соңында ол енесінің барлық құжаттарының қолжетімді екенін пайдаланып, өз телефонынан қайын енесінің есепшотына кіре алатындай қосымша ашып алады, содан ақшасын көбейтуді қалап, шоттағы ақшаға онлайн-ойын ойнай бастайды", - деді облыстық ПД.

Осы фактіге сәйкес, ҚР Қылмыстық Кодексінің 188 бабы, 1-бөлігі, "Ұрлық" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу ісі жүргізіліп жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев