БҚО-да жәдел жәрдемнің көлігіне мініп қашқан ер адам апатқа ұшырады

polisia.kz
Қазіргі таңда материалдық шығын соммасы анықталуда. Ал жедел жәрдем көлігін айдап кеткен азамат ұсталды. Айта кету керек, жігіт масаң күйде болған.

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданында медициналық мекеменің алдында тұрған жедел-жәрдем қызметінің көлігін айдап кеткен 30 жастағы адам ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Polisia.kz мәліметі бойынша, оқыс оқиға шамамен бүгін таңғы сағат 04:00 шамасында орын алды.

Ер азамат аяғын жарақаттап алып, үйіне жедел-жәрдем шақырған. Медицина қызметкерлері науқасты ауруханаға жеткізгеннен кейін тиісті ем-дом шараларын көрсетіп, үйіне баруына рұқсат еткен. Ал 1990 жылғы П. есімді азамат үйіне жету үшін медициналық мекеменің алдында тұрған жедел-жәрдем көлігін айдап кеткен. Алайда аурухананың шыға берісінде 30 жастағы азамат сол ауылдағы мектептің қоршауына соғылған. Ол аяғындағы жарақатына қарамастан қоршаудан секіріп, оқиға орнынан қашып кеткен.

Қазіргі таңда материалдық шығын соммасы анықталуда. Ал жедел жәрдем көлігін айдап кеткен азамат ұсталды. Айта кету керек, жігіт масаң күйде болған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін