Кешірім сұраймын! Алматы облысында тойда оқ атылды

видеодан алынды
Той ұйымдастырушысы мен мейрамхана әкімшілігі де тексеріліп жатыр.

Әлеуметтік желіде қонақтың бірі төбеге қарата тапаншамен оқ атқан үйлену тойының видеосы пайда болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Тексере келгенде бұл оқиға Алматы облысында болғандығы белгілі болды. Қонақ ашуланбаған, керісінше қуанғанынан оқ атқан.

Полиция видеоға қызығушылық танытып, 26 жастағы алматылықтың жарық пен шуылдақ дыбыс шығаратын тапаншадан оқ атқанын анықтады.

Қазіргі уақытта ҚР ӘҚБтК-нің 436-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Белгі беруге арналған тапанша тәркіленіп, оған сараптама тағайындалады, деп мәлімдеді Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Той ұйымдастырушысы мен мейрамхана әкімшілігі де тексеріліп жатыр.

Ұсталған адам камера алдында көпшілік алдында кешірім сұрап, мұндай жайт енді қайталанбайтындығына уәде берді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Алматыда өрт болды: тұрғындар эвакуацияланып, зардап шеккендерге көмек көрсетілді

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрылтай сайлауында сайлаушылардың 74,19%-ы дауыс берді