Түркістан облысында ет сататын әйел 147 адамды тақырға отырғызды

zakon.kz
Банктердің бірінің қызметкері несие алу кезінде күдік туғызған әрекетке байланысты полицияға хабарласқан.

Түркістан облысында бір әйел 147 адамды алдап соқты, деп хабарлайды zakon.kz.

Банктердің бірінің қызметкері несие алу кезінде күдік туғызған әрекетке байланысты полицияға хабарласқан.

Алаяқтық әрекетке күдікті Сайрам ауданының ет өнімдерін сатушысы болып шықты. Ол екі айға қамауға алынды.

Ол әр балаға 50 мың теңге көлемінде әлеуметтік көмек тіркетіп беремін деген уәдемен жәбірленушілердің деректерін алдап алған. Содан кейін өзіне сенім білдірген азаматтардың құжаттарын пайдаланып, олардың атынан онлайн-несие тіркеген.

147 жергілікті тұрғын полиция көмегіне жүгінді.

Тергеушілер сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Алаяқтың құрбандарының көбеюі мүмкін екенін де жоққа шығармаймыз, - деді Түркістан облысы ПД басшысының орынбасары.

Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы, яғни "Әсіре ірі көлемдегі алаяқтық" бойынша тіркелді. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

Қазақстанда Құрылтай сайлауындағы дауыс беру аяқталды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Сайлау күні шаңырақ көтерді: СҚО-да жас жұбайлар некесін қиды

Ақтаулық Құрылтай есімді тұрғын дауыс беруге келді: Маңғыстаудағы сайлау несімен ерекшеленді