Түргендегі жабайы қоқыс алаңы ұлғайып, екі шақырымға созылған

zakon.kz
Тұрғындардың айтуынша, мал жаю мүмкін болмай қалған. Жағымсыз иіс адамдар тұратын жерге де жетіп алған.

Алматы облысындағы Түрген ауылының маңына төгілетін жабайы қоқыс алаңы күн сайын ұлғайып келеді, деп хабарлайды zakon.kz.

"Хабар 24" Түрген ауылында қоқыс полигонының пайда болғанына бес жылдан асқанын хабарлайды. Тұрғындар жағымсыз иістен тұншығып отыр, өйткені полигон егістік алқаптарға да жетіп алыпты.

Тұрғындардың айтуынша, мал жаю мүмкін болмай қалған. Жағымсыз иіс адамдар тұратын жерге де жетіп алған.

Сиырларымыз осында келіп жайылады, жылтыр пакетті жеп, артынан ауырады. Мына ағып жатқан жаман суды да малдар ішеді, содан кейін ауырады. Жануарлардың өлексесі де жатады мұнда. Қоқыстан бөлек бұл араны өлекселер қорымына айналдырған. Содан кейін де бұл жер қаңғыбас иттерге толы. Билік бұл мәселені елемей отыр.

Тұрғындар ауыл әкімдігіне бірнеше рет барғанымен, бірақ мәселенің нақты шешімі жоқ, тек орындалмайтын құр уәдеден басқа айтарлары жоқ.

Түрген және Таутүрген ауылдарындағы қоқыстарды жинаумен жеке кәсіпкер айналысады. Әр үймен келісімшарт жасасқан. Біз келіссөздер жүргіземіз. Полигон пайда болған осы аумаққа тосқауыл қоюды жоспарлап отырмыз, - дейді Түрген ауылдық округі әкімінің орынбасары Мәди Бейсенбаев.

Әкімдік бұл мәселе культивациялық жұмыстардың көмегімен шешілетіндігін айтты. Мамандар қазірдің өзінде жобалық-сметалық құжаттар әзірлеп жатыр. Олар келесі жылы аумақты тазартуға уәде береді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қызылордада Ыбырай Жақаев әулетінің 9 келіні референдумда бір мезетте дауыс берді

15 наурызда қайда және қалай дауыс беруге болады: Алматыдағы референдум бойынша толық нұсқаулық

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді

Халаттағы қыз және робот-ит: Астанадағы дауыс беру учаскесіндегі ерекше оқиға

Референдум-2026: қазақстандықтар ЖСН арқылы өз сайлау учаскесін қалай таба алады