Алматы облысында кәмелетке толмаған даяшы бала пышақталды

moika78.ru
Дәрігерлер көкбауырын алып тастауға мәжбүр болған.

Алматы облысында жазатайым оқиға болды – біреулер кәмелетке толмаған даяшы баланы пышақтап тастады, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы Instagram-дағы пабликтердің бірінен белгілі болды.

Видео авторының айтуынша, 30 маусымда даяшы балаға бір топ адам шабуыл жасаған.

Жас баланы ұрып, үш рет пышақ сұққан. Жәбірленуші шұғыл түрде ауруханаға жатқызылып, оған ота жасалды. Дәрігерлер көкбауырын алып тастауға мәжбүр болған, делінеді хабарламада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от КАСКЕЛЕН И КАРАСАЙСКИЙ РАЙОН (@kaskelenkz)

Облыстық полиция сотқа дейінгі тергеу басталғанын атап өтті.

Алматы – Жандосов тас жолының 31-ші шақырымындағы демалыс аймағында төбелес шығып, салдарынан 2004 жылы туған кәмелетке толмаған баланың іш қуысына пышақ жарақаты салынды. Нәтижесінде ол Қаскелең қаласының аудандық орталық ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді, делінген хабарламада.

Кейінірек 30 жастағы жергілікті тұрғын ұсталып, уақытша қамау изоляторына қамалды.

Қазір тергеу әрекеттері жүргізілуде, деп толықтырды департамент.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды