Алматыда тәртіп сақшыларынан ақша бопсалаған "блогер" ұсталды

polisia.kz
Талап еткен сомма 50-ден 200 мың теңгеге дейінгі аралықта болған.

Алматыда өзін блогер деп таныстарған ер адам тәртіп сақшыларынан ақша бопсалаған, деп хабарлайды zakon.kz.

Polisia.kz мәліметі бойынша, 34 жастағы Б.есімді ер адам өзін патрульдік полиция қызметкерлеріне блогер ретінде таныстырып, арандатушылықтар жасамауға және желіде бейнелер орналастырмауға уәде беріп, ақша бопсалаумен айналысқан.

Сомма 50-ден 200 мың теңгеге дейінгі аралықта болды. Мұны жүргізілген жедел және арнайы іс-шаралар растайды. Күдіктіні қамауға алу қаланың Әуезов ауданында, сұратқан $ 300 алып жатқан кезде жүзеге асырылды. Заттай дәлелдемелер тәркіленді және ҚР ҚК-нің 194-бабы 2-бөлімі бойынша қылмыстық іс материалдарына қоса тіркелді. Қаскөй уақытша ұстау изоляторына қамалды. Факті бойынша тергеу амалдары ПД Тергеу басқармасымен жүргізілуде, – деп хабарлады, Алматы қаласы ПД бастығының орынбасары Рустам Әбдрахманов.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді