Атырауда мониторингтік топтың мүшесі күзетшіден таяқ жеді

pixabay.com
Оқыс жайт 1 тамызда таңғы сағат 4 -тер шамасында "Fish of My Dreams" караоке -барында орын алды, мониторингтік топ мүшесі соққыға жығылды.

Атырауда танымал караоке-бардың күзетшісі сау ете түскен мониторингтік топтың мүшесін соққыға жықты, деп хабарлайды zakon.kz.

Оқыс жайт 1 тамызда таңғы сағат 4 -тер шамасында "Fish of My Dreams" караоке -барында орын алды, мониторингтік топ мүшесі соққыға жығылды.

Бар тыйымға қарамастан түнде жұмыс істеп тұрған. Атырау қаласы әкімдігі жанындағы мониторингтік топ мүшелері тәртіп бұзушылықты рәсімдеу үшін ішке кіргісі келді, бірақ күзетші олардың жолын кес-кестеп, қалалық жер қатынастары бөлімінің қызметкеріне жұдырық сілтеген.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлады Атырау облысы ПД баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды