Қорғаныс министрлігі Жамбылда қаза тапқандардың балаларын өз қамқорлығына алады

gov.kz
Қорғаныс министрлігінің жұмыс тобы қаза тапқандардың отбасыларымен қажетті жұмыс жүргізуде. Атап айтқанда оларға заңнамада белгіленген төлемдер мен жеңілдіктерді алу тәртібі де түсіндіріледі.

Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Мұхамеджан Таласов Тараз қаласының емдеу мекемелерін аралады. Ол стационарда емделіп жатқан адамдардың хал-жағдайымен танысты, деп хабарлайды zakon.kz.

Қорғаныс министрлігінің жұмыс тобы қаза тапқандардың отбасыларымен қажетті жұмыс жүргізуде. Атап айтқанда оларға заңнамада белгіленген төлемдер мен жеңілдіктерді алу тәртібі де түсіндіріледі.

Бұдан басқа, Мұхамеджан Таласов зардап шеккендердің ешқайсысы назардан тыс қалмайтынын атап өтті.

Біз тиісті өтемақылар мен жәрдемақыларды төлеуге байланысты мәселелерді мүмкіндігінше тезірек шешу үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Қажет болған жағдайда отбасы мүшелеріне жұмысқа орналасуға көмек көрсетіледі. Сондай-ақ қаза тапқандардың балаларына қамқорлық көрсетеміз. Бұл ретте оларды Қорғаныс министрлігінің білім беру орындарына оқуға қабылдауға жәрдем көрсетіледі, – деді Қорғаныс министрінің орынбасары.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қытайда пара алған шенеунік өлім жазасына кесілді

Жұмыстан босатылған қазақстандықтарға төленетін әлеуметтік төлемдер: мемлекеттен қалай көмек алуға болады

2025 жылға арналған әкімдіктердің қарыз лимиті бекітілді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

БҚО-да полицейлер із-түссіз жоғалған қызды аман-есен тапты