СҚО-да табанына шеге кірген ер адам сіреспеден қайтыс болды

Кез келген адам сіреспе ауруына шалдығуы мүмкін. Мұндайда екпе алынып, ағза иммундалмаған болса, жағдай тіпті ауыр болады.

Солтүстік Қазақстан облысының Новоишимское ауылында ер адамның табанына құрылыс алаңында шеге кіріп кетіп, сіреспе жұқтырды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазақстанға ақша табу үшін Өзбекстаннан келген 54 жастағы ер адам Ғабит Мүсірепов ауданының орталық ауруханасына жатқызылып, кейін қайтыс болды, деп хабарлайды Петропавлск.news.

Ғабит Мүсірепов аудандық санитарлық -эпидемиологиялық бақылау басқармасы ер адамның сіреспеден қайтыс болу оқиғасын тергеп жатыр.

Өзбекстан Республикасының азаматы 2020 жылы осы өңірге құрылыс жұмысына келген. 21 тамызда құрылыс жұмыстары кезінде ол оң аяғын тот басқан шегемен жарақаттады.

25 тамызда, кешкі 10-нан кейін, оның басы тартып, жақ сүйегінде құрыс-тырыс пайда болады. Өзбекстандық азамат медициналық көмекке жүгінбеген. Алайда, 26 тамызда жедел жәрдем бригадасы шақырылып, науқас аудандық аурухананың жедел жәрдем бөліміне жеткізілді. Дәрігер науқасты қарау кезінде жақтың сіресіп, бүкіл омыртқаның қисаюы, қатты әлсіздікті анықтады. Эпидемиологиялық анамнез мен клиникалық сипатқа негізделген диагноз сіреспе деп қойылды. Науқастың екпе алған-алмағандығы белгісіз, - деді санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бастығының орынбасары Арман Кушбасов баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, Өзбекстандық азаматқа шұғыл вакциналау жасалған. Ауруханаға түскен сәттен бастап науқастың жағдайы өзгеріссіз және үнемі ауыр халде болған. Ол 28 тамызда қайтыс болды.

Сіреспе - Clostridium tetani бактериялары спораларынан туындаған жедел инфекциялық ауру. Бұл споралар барлық жерде кездеседі: қоршаған ортада (әсіресе топырақта), күлде, жануарлар мен адамдардың ішектерінде / нәжісінде және тері бетінде және тот басқан құралдар - шегелер, инелер, тікенек сымдар және т.б. Споралар жоғары температураға және көптеген антисептиктерге төзімдігінің арқасында жылдар бойы өмір сүре алады.

Кез келген адам сіреспе ауруына шалдығуы мүмкін. Мұндайда екпе алынып, ағза иммундалмаған болса, жағдай тіпті ауыр болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: