Оралда Шаған өзеніне секіріп кеткен бойжеткен құтқарылды
Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
25 қарашада 112 пультіне 21 жастағы қыздың Орал қаласындағы Шаған өзенінің көпірінен секіріп кеткені туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға орнына ТЖМ құтқарушылары дереу жетті.
"Қызды өзеннен шығарып, құтқарушылар оған психологиялық көмек көрсетті. Құтқарушылардың үйлесімді және жедел әрекеттерінің арқасында адам өмірі аман қалды", делінген ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарламасында.
Құтқарылған қыз жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript