Алматы тауларында 4317 метр биіктікте екі бойжеткен құтқарылды
Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 7 шілдеде түнде 112 пультіне Сәтбаев шыңына көтерілген 2007 және 2008 жылы туған екі қыздың белгіленген уақытта оралмағаны және байланысқа шықпай жатқандығы туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды Zakon.kz.
Соңғы рет олардың орналасқан жері күндіз шың маңында тіркелген.
Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін ТЖМ "Барыс" республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мен Алматы қаласы ТЖД Құтқару қызметінің құтқарушылары жедел түрде оқиға орнына аттанды.
Құтқарушылар Үлкен Алматы көлі ауданына жеткеннен кейін Сәтбаев шыңы бағыты бойынша биік таулы маршрутты тексеруге кірісті.
Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында турист қыздар теңіз деңгейінен 4317 метр биіктікте, Сәтбаев шыңы маңындағы кемпинг аумағынан табылды. Олардың орналасқан жері анықталғаннан кейін құтқарушылар қыздарды қауіпсіз жерге дейін алып жүрді.
Қыздарға медициналық көмек қажет болған жоқ.
Бұған дейін альпинист әйгілі Эльбрус шыңына көтерілер жолда қаза тапқанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript