Альпинист әйгілі Эльбрус шыңына көтерілер жолда қаза тапты

Альпинист әйгілі Эльбрус шыңына көтерілер жолда қаза тапты, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.07.2026 11:06 Сурет: pexels
Еуропадағы ең биік шың – Эльбрус тауына (биіктігі 5 642 метр) шығу кезінде қайғылы оқиға тіркелді. Альпинист 5 100 метр биіктіктен құлап, оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Oxu.Az басылымының жазуынша, турист шыңға өте жақын қалған кезде биіктіктен құлап кеткен.

Алдын ала мәлімет бойынша, альпинистің тауға шығуға ресми тіркелгені туралы ақпарат жоқ.

Қазіргі уақытта құтқарушылар марқұмның денесін іздеп, таудан түсіру үшін оқиға орнына аттануға дайындалып жатыр.

Оқиғаға байланысты Эльбрус тауындағы аспалы жолдардың жұмысы уақытша тоқтатылды. Мамандар қайғылы жағдайдың мән-жайын анықтап жатыр.

Бұған дейін қос аяғынан бірдей айырылған альпинист Эверестті бағындырғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: