Қарағандыда шұңқырға түсіп, балшыққа батқан құлын құтқарылды
Сурет: видеодан алынды
Қарағандыда "112" құтқару қызметінің басқару пультіне "Арман" саяжай аумағында құлын шұңқырға түсіп, балшыққа батып қалғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Құтқарушылар оқиға орнына келіп, өз бетінше шыға алмай жатқан құлынды шұңқырдан қауіпсіз жерге кәсіби түрде жедел шығарып алды. Біз үшін әр өмір маңызды", делінген хабарламада.
Құлынды құтқару сәтінің видеосынан жақын маңда тыпыршып жүрген құлынның енесін де байқауға болады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript