Жер шарының ластануынан ғаламдық ЖІӨ 37 пайызға қысқарған

Климаттың өзгеруі экономикалық өсімге зиянын тигізетіні туралы дәлелдер де көбейіп келеді. Мысалы, Орталық Еуропада орын алған шілдедегі су тасқыны аймаққа 6,5 миллиард евро шығын келтірді.

Ғалымдардың айтуынша, егер көмірқышқыл газының ауа бөлінісінің көлемі азаймаса, онда оның әр тоннасы осы ғасырдың соңына қарай әлемдік экономикаға 3000 доллар шығын әкеледі, деп хабарлайды zakon.kz Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Кембридж университеті, Лондон университеті жанындағы колледжінің және Лондонның Империалдық колледжінің сарапшылары, сондай -ақ Швейцария, Германия, АҚШ, Австриядан келген халықаралық серіктестер жүргізген зерттеулерге сәйкес, ХХІ ғасырда Жер шарының ластануы үшін әлемдік экономика едәуір шығын шығарған. Жер бетінің ластануынан жаһандық ЖІӨ көрсеткіші баққандай 37 пайызға төмендеді , - деп жазады The Guardian.

Ауаға бөлінген зиянды қалдықтардың кесірінен климат өзгеріске ұшырап, салдарынан Ұлыбританиядан Нью-Йоркке Атлант мұхитын бір рет кесіп, ұшу, яғни ғасыр соңындағы ауаға бөлінетін көмірқышқыл газының тоннасы әлемдік экономикаға 3000 доллардан астам шығын әкеледі.

Климаттың өзгеруі табиғи апаттардың ықтималдығын арттырады: өрт, су тасқыны, құрғақшылық және т.б. Сондай ақ мұның экономикалық өсімге зиянын тигізетіні туралы дәлелдер де көбейіп келеді. Мысалы, Орталық Еуропада орын алған шілдедегі су тасқыны аймаққа 6,5 миллиард евро шығын келтірді.

Біз әлі де климаттың экономикалық өсімге қалай әсер ететінін зерттеуміз керек. Бірақ кіші табиғат апаттарға көз жұмудың орнына ауаға бөлінетін көміртегі қалдықтарын азайтуға тырысуымыз керек ,-д еді Лондон университеті жанындағы колледж сарапшысы Крис Брайерли.

Әлем дүниежүзілік климаттың өзгеру қаупі туралы неғұрлым көп білсе, шұғыл шара қабылдау шешімі соғұрлым тезірек жүреді, - деді Делавэр университеті мен Лондон экономика және саясаттану мектебінің Ph.D.Джеймс Райзинг.

Жыл сайын климаттың өзгеруінен туындаған жаңа апаттардың куәсі болып келеміз, тек жаһанда тараған қалдықтар таза нөлдік деңгейге жетпейінше, жағдай нашарлай бермек, - деді Райзинг.

Сарапшылар климаттың өзгеруінен болатын экономикалық шығындар елдердің климаттық дағдарыспен күресуге дайындығына байланысты болады деп есептейді. Ең алдымен, көмірқышқыл газының ауаға бөліну мөлшерін азайтуды қолға алуымыз керек.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: