"Қазақмыс" ғимаратындағы өрт неден шыққаны айтылды

Аталған факті бойынша материалдар полиция бөліміне жолданды.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Нұр-Сұлтандағы "Қазақмыс" корпорациясының ғимаратында болған өрттің егжей-тегжейлі мәліметтерімен бөлісті, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Өрт фактісі бойынша материалдарды зерделеу барысында өрттің орын алуының алдын ала себебі отты пайдалану арқылы жүргізілген жұмыстар кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы екені анықталды. Яғни, газбен жанатын құралды қолдану арқылы битум мембранасын еріту бойынша жұмыстарды жүргізу кезінде, - деді ОКҚ-да өткен брифингіде ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің бастығы Ерлан Төрегелдиев.

Аталған факті бойынша материалдар полиция бөліміне жолданды.

Келтірілген шығын көлемі де анықталып жатыр.

21 қыркүйекте Нұр-Сұлтанда "Қазақмыс" ғимаратында өрт болды. Өрт туралы хабар сағат 18: 33-те түскен. Оқиға орнына дереу 44 өрт сөндіруші мен 11 техника аттанды. Өрт 19: 10-да оқшауланып, 19: 22-де толықтай сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: