Алматы облысында жезөкшелікпен айналысқан қыздар ұсталды

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
Біреуі көрші республиканың азаматы екен.

Алматы облыстық полиция департаментінің қызметкерлері STOP-трафик шарасы аясында Қарасай ауданында ақша табу мақсатында жезөкшелікпен айналысып жүрген үш әйелді анықтап, ұстады. Олардың бірі көрші республиканың азаматы болып шықты, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы облысы аумағында 2021 жылдың 19 қыркүйегі мен 24 қыркүйегі аралығында STOP-трафик республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның басты мақсаты – адам ағзаларын заңсыз алу, адам саудасы, оның ішінде кәмелетке толмағандар мен жаңа туған нәрестелерді сату, жезөкшелікпен айналысуға, еңбек құлдығына және адам саудасына қатысты басқа да қылмыстарға мәжбүрлеу, притон ұйымдастыру мен күдік туғызатын тұлғаларды анықтау мен тіркеу, - деді Алматы облысы ПД криминалды полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Асхат Данияр.

Жедел-профилактикалық іс-шара барысында полицейлер жалдамалы пәтерлерде жыныстық қызмет көрсеткен үш жезөкше әйелді ұстады. Ұсталғандардың бірі көршілес республиканың азаматы. Көші-қон полициясы оны елден шығару үшін сотқа материал дайындауда.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды