Павлодарда алаяқ қос құрбы ұсталды

zakon.kz
Қазіргі уақытта зардап шеккендер анықталып жатыр. Олар бірнешеу. Екі күдіктінің де бұрын сотты болғаны айтылады.

Павлодардың екі тұрғыны Алматыдағы пәтерлерді сөз жүзінде жалға беріп, ақша тапқан, деп хабарлайды zakon.kz.

Полицияның мәліметінше, қос келіншек басқа адамдардың жарнамасындағы суреттерді Интернетке көшіріп салып, бірақ жалдау ақысын төмендетіп көрсеткен.

Клиенттермен келіссөз тек телефон арқылы жүргізіліп келген. Жәбірленушілер ақша аударған соң екеуі бірден жарнаманы алып тастап, ұялы телефондарын сөндіріп отырған, - дейді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы, "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі қолға алынды.

Қазіргі уақытта зардап шеккендер анықталып жатыр. Олар бірнешеу. Екі күдіктінің де бұрын сотты болғанын айта кетелік, - деп атап өтті баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Қазақстанда кредит қайта кешіріле ме