"Маңғышлақ-Алматы" пойызынан мас әйел түсірілді

Көліктегі полиция департаменті
Қызылордалық мас әйел пойыздан түсірілді

6 қазан күні полиция бөліміне 29 жастағы әйел жеткізілді, ол "Маңғышлақ-Алматы" бағытындағы жолаушылар поездында мас күйінде болып, басқа бір жолаушыға дөрекі сөздер айтқан. Сондай-ақ, Қызылорда облысының тұрғыны полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбаған, деп хабарлайды zakon.kz Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әйел адамға қатысты ұсақ бұзақылық, алкогольдік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу және құқық қорғау органы қызметкерінің заңды өкіміне немесе талабына бағынбау бойынша бірден үш әкімшілік хаттама толтырылды. Жасалған құқық бұзушылықтар үшін оған 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынуы немесе 10 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынуы мүмкін.

Петропавл қаласында тағы бір мас әйелге айыппұл салынды. Петропавл ст. Желілік полиция бөліміне темір жол үстіндегі жаяу жүргіншілер көпірінде белгісіз бір әйелдің жүргендігі, өзін біртүрлі ұстап, қойылған сұрақтарға түсініксіз жауап беріп жатқандығы туралы хабарлама келіп түсті. Петропавл станциясындағы ЖПб патрульдік қызмет полицейлері 31 жастағы әйел адамды вокзалда орналасқан полиция бөлмесіне жеткізеді.

Құқықбұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы 1-бөлігі (қоғамдық орындарға мас күйінде келу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 5 АЕК, яғни 14585 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

Айта кетейік, бұл әйелдің құқық бұзушылық жасағаны бірінші рет емес. Бір апта бұрын оны Петропавл қаласының полицейлері дәл осындай құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартқан болатын.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қытайда пара алған шенеунік өлім жазасына кесілді

Жұмыстан босатылған қазақстандықтарға төленетін әлеуметтік төлемдер: мемлекеттен қалай көмек алуға болады

2025 жылға арналған әкімдіктердің қарыз лимиті бекітілді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

БҚО-да полицейлер із-түссіз жоғалған қызды аман-есен тапты