Әйелін өлтіріп, өгей қызын баласымен қоса атқан. Сот үкім шығарды

zakon.kz
Жантүршітер оқиға төрт ай бұрын Тимирязев ауданында болған.

Әйелін атып өлтіріп, өгей қызы мен жиенін жаралаған Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны алдағы 23 жылын темір тордың ар жағында өткізетін болды. 58 жастағы азаматқа сот осындай үкім кесті, деп хабарлайды zakon.kz КТК-ға сілтеме жасап.

Сергей Викторенко, судья:

- Юрий Глушков жазасын ең жоғары қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтесін. Күдіктіге "адам өлтіру" және "адам өлтіруге әрекет жасау" баптары бойынша екі бірдей айып тағылған еді. Қылмыс істеген қарулары тәркіленсін. Глушковқа 23 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілсін.

Жантүршітер оқиға төрт ай бұрын Тимирязев ауданында болған. Арақты біраз сілтеген Юрий Глушковтан әйел кетіп қалады. Қызы мен жиенін де ерте кетіпті. Ашуланған қаскөй жұбайын төркініне іздеп барып қару кезенген. Кеудесі мен басына оқ тиген әйел сол жерде жан тапсырыпты. Ал көзі қанталаған отағасы мұнымен тоқтамай, үйде болған марқұмның қызы мен жиен немересіне де оқ жаудырған. Ауыр жарақат алған 13 жастағы Кристина жансақтау бөліміне түсіп, есін әзер жиған. Күдікті кінәсін толық мойындады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін