АҚШ-та мектеп жанындағы үйге ұшақ құлады

twitter.com/AmyMarieSantee
Ұшақ тұрғын үйлерге құлап, өртенді. Екі ғимарат отқа оранды.

Калифорния штатының Санти қаласындағы орта мектеп кампусының жанында жеңіл моторлы ұшақ апатынан кем дегенде екі адам қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Санти қаласының өрт сөндіру бөлімі басшысының орынбасары баспасөз мәслихаты кезінде апат болған жерден екі адамның денесі табылғанын, ал ұшақтың жолаушылары арасында қайтыс болған адамдардың бар-жоғы белгісіз екенін айтты.

Біз борттағы адамдар қаза болатындай ауыр жарақат алды деп санаймыз, - деді ол.

Ұшақ тұрғын үйлерге құлап, өртенді. Екі ғимарат отқа оранды. Мектептің Twitter-дегі парақшасында барлық білім алушылар қауіпсіз жерде екендігі туралы жазба жарияланды.

Бақытжан Отарбаева

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Азаматтардың өтініші көбейді: Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер нені талқылады

Жаңа тарихи белеске қадам басу: Қазақстанда стратегиялық даму жөніндегі сарапшылар тобы құрылды

Атырауда отыз отбасы "Отбасы банктен" баспаналы болды

Алматыда Сайран көлі маңынан қару мен патрондар табылды – полиция тексеруді бастады

Шығыс Қазақстан облысында жаңа ветеринариялық пункттер ашылуда