Алматыда кісі тонайтын "бригада" құрған төрт жігіт ұсталды

Polisia.kz
Олардың барлығы Жамбыл облысының тумалары және еш жерде жұмыс істемейді.

20 Алматыда түнгі қарақшылар ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Төрт жігіт негізінен қаланың орталық бөлігінде қарақшылық әрекет жасап жүрген. Олар өтіп бара жатқан адамдардан ұялы телефондар мен ақшаларын тартып алған.

– Қазір төрт жәбірленуші полицияға арыз жазды. Қаскөйлер кешкі уақытта физикалық күш қолданамын деп қорқытып азаматтардың жеке мүлкін тартып алды. Оңай ақшаға құмарлар ұсталды. Тергеу амалдары кезінде олар өз істерін мойындады. Бірқатар эпизодтар бойынша заттай айғақтар тәркіленді және ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігіне сәйкес тергелген қылмыстық іс материалдарына қоса берілді, – деді Алмалы аудандық Полиция басқармасы бастығының орынбасары Владимир Решетников.

Айтпақшы, бұрын “қылмыстық төрттіктің” ешқайсысында да заң бойынша мәселелер болған жоқ.

Олардың барлығы Жамбыл облысының тумалары және еш жерде жұмыс істемейді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Қазақстандағы ең үлкен 5 көл туралы білеміз бе

Салықтық шығындар туралы талдамалық есеп қалыптастыру қағидалары бекітілді