Ақтөбеде бір тәулікте орташа жылдамдықты асырудың 176 дерегі тіркелді
Фото: Zakon.kz
Аталған жол учаскесінде автоматты бақылау жүйесі бір тәуліктің ішінде жылдамдық режимін бұзудың 176 дерегін тіркеді. Бұл көрсеткіш 23 қарашада анықталған.
Тіркелген барлық құқық бұзушылық бойынша жүргізушілерге тиісті хабарламалар жолданды. Өткен жылдың жазында іске қосылған автоматты бақылау жүйесі көліктің камера тұсындағы жылдамдығын ғана тіркемейді.
Ол белгілі бір жол учаскесін жүріп өтуге кеткен уақытты есептеп, көліктің орташа қозғалыс жылдамдығын анықтайды. Сондықтан камераның алдында жылдамдықты уақытша төмендетіп, одан өткен соң қайта үдету жауапкершіліктен құтқармайды.
Жүйе көліктің бүкіл бақылау учаскесіндегі қозғалысын есепке алады. Полиция жүргізушілерге белгіленген жылдамдық режимін сақтау тек айыппұлдан құтылу үшін емес, жол-көлік оқиғаларының алдын алып, адам өмірі мен қауіпсіздігін қорғау үшін қажет екенін еске салады.