Қазақстан жолдарында орташа жылдамдықты бақылау кеңейтіледі

Қазақстан жолдарында орташа жылдамдықты бақылау кеңейтіледі, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.09.2025 18:15 Сурет: Zakon.kz
2025 жылғы 15 қыркүйекте өткен Үкімет отырысында ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Көлік министрлігін ел жолдарында орташа жылдамдықты бақылау жүйесін енгізу жұмыстарын жандандыруға шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Игорь Лепеха жолдарда көліктің орташа жылдамдығын бақылау енгізілгенін еске салды.

"Ұзындығы 1 900 шақырым болатын сегіз жол қамтылды. Бұл учаскелерде қаза тапқандар саны 11% азайды. Көлік министрлігінің жұмысына қарқын қосып, өзге жолдарға да бақылау жүйесін енгізу қажет. Алдын ала ұзындығы 1000 шақырымнан асатын 10 учаске белгіленді", - деді ол.

Аса қауіпті құқықбұзушылармен күресу үшін барлық цифрлық шешім мен камералар ТОР платформасына біріктірілген.

Бұл жүйе бірқатар міндетті кешенді түрде шешеді:

  • көліктің қозғалысын қадағалау;
  • маркасы, моделі мен түсі бойынша іздеудегі автокөлікті анықтау;
  • агрессивті жүргізетін "қауіпті" жүргізушілерді анықтау;
  • үздіксіз 8 сағаттан артық жүрген "шаршаған" жүргізушілерді бақылау.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: