Атыраудағы қыздардың төбелесі неден шыққаны анықталды

видеодан кадр
Атырауда қазақтың студент қыздары көшеде жаға жыртысты.

19 қазанда әлеуметтік желілерде қоғамдық резонанс тудырған қыздар төбелесінің видеосы тарап кетті, деп хабарлайды zakon.kz.

Атырауда студент қыздар көшеде жаға жыртысты

Ювеналды полиция қызметкерлері тексеру кезінде төбелеске 15 жастағы үш қыз қатысқанын анықтады. Олар қаладағы колледждердің бірінде оқитын бірінші курс студенттері, деді Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қыздардың айтуынша, төбелес бір-біріне намысқа тиетін сөз айтудан басталды. Ерегестің арты төбелеске ұласты.

Үш қыздың ата-анасы полиция бөліміне шақырылып, оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 435-бабы (Кәмелетке толмағандар жасаған ұсақ бұзақылық) бойынша, әкімшілік хаттамалар толтырылды. Жиналған құжаттар заңды шешім қабылдау үшін кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотқа жіберілді, деп толықтырды Атырау облысы ПД баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, тәртіп сақшылары ата-аналары мен мұғалімдерінің қатысуымен аталған жасөспірімдер оқитын колледж студенттерімен профилактикалық әңгімелесу өткізді.

Бақытжан Отарбаева

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі