Оралда қызғаныштан кісі өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
1979 жылы туған ер адам әйелді бірнеше жерден пышақтаған. Белгілі болғандай, жанжалдың себебі – қызғаныш. Күдікті ұсталып, сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлады Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомство қылмыс шағын ауданда болғанын атап өтті. Қонаев көшесіндегі жалдамалы пәтерде болды.
БҚО ПД ресми өкілі Болатбек Нұрғожин атап өткендей, қаза тапқан (1981 жылы туған әйел) мен күдіктінің бірге ішімдік ішкені анықталды.
Сосын екеуінің арасында жанжал туған, ер адам әйелге бірнеше жарақат салып, оқиға орнынан кетіп қалды. Күдікті іздестіріліп, ұсталды. Жауап алу кезінде ұсталған адам жанжалға қызғаныш себеп болғанын түсіндірді, - дейді Болатбек Нұрғожин.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі ("Адам өлтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Бақытжан Отарбаева