Қостанай облысында "Қазпочта" қызметкері бөтеннің зейнетақысын ұрлапты

Сурет: Zakon.kz
Қарт әйелдің зейнетақы шотынан 440 мың теңге ұрланған

Қаржы мониторингі агенттігі Қостанай облысында "Қазпочта" қызметкерінің зейнетақыны ұрлау фактісін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Алау-ТВ" мәліметі бойынша Октябрь кентінің Лисаков пошта байланысы бөлімшесінің бастығы 2020 жылдың қазан айынан 2021-дің шілдесіне дейін қарт әйелдің зейнетақысын өзі алып отырған.

Қызметтік жағдайын асыра пайдаланған басшы ақша алуға құқық беретін кассалық-шығыс ордерін жасатып, "Ақша алушы" жолағына зейнеткердің атынан қол қойып отырған.

Қарт әйелдің зейнетақы шотынан барлығы 440 мың теңге қолды болыпты.

"Қазпошта" қызметкері екі жылға бас бостандығынан айырылды. Бұдан басқа, ол мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, тауар-материалдық жауапкершілікпен байланысты қаржы ұйымдарында үш жыл мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды