Қазір ол Шымкенттегі арнайы орталықты паналап отыр. Нигора Өзбекстанда туған. Оны небәрі 10 жасында ата-анасы бейтаныс адамдарға бір шабадан ақшаға сата салыпты, деп хабарлайды Астана телеарнасы.
Перзент керек жоқ деді. Ақша керек деді. Папам наркоман еді, мамам ішеді, ақша керек деді. «Әке» деп жылап едім, бұрылып қарамады да. Атам мені сатады деген сөзді естігеннен кейін жүрегі ұстап, қайтыс болды. Жалғыз жанашырым сол кісі еді. Одан бері туыстарым да іздеген емес. Нигора
Сұрауы жоқ кішкентай қызды сатып алғандар алғашында Сарыағашқа, одан бері Шымкентке қарай әкелген көрінеді. Айтуынша, туғалы ата-анасынан еш жылулық көрмеген. Сексуалдық құлдықта бақандай тоғыз жыл өмірі өтіпті. Ол жерде менен басқа жиырма шақты қыз болды дейді. Оларды қараңғы үйден аттап бастырмаған, көкала қойдай сабайтын болған. Жүрек жалғауға тек қара нан мен су берген.
Аштықтан талай қыз өліп қалды сол жерде. Кейбірін шетелге сатып жіберді. Бізді бір бірімізбен араластырмайтын. Жыныстық қатынасқа түсуден бас тартсақ темірмен, шыншырмен ұрып, басыма тапанша тақайтын. Қараңғы қапастағы тіршіліктен жанашыр бір азамат шығуға көмектесті. Нигора
Басқа барар жері жоқ болғандықтан Нигора екі айдан бері дағдарыс орталығын паналап отыр. Қолында сәбиі бар. Ұлымның әкесі аяғым ауыр екенін білген соң тастап кетті, - дейді. Бір бәледен құтылдым дегенде, екіншісіне тап болады. Жағдайыңды жасаймын дегенге сеніп, екінші рет те құлдыққа түсіп қала жаздағанын айтады. Біреулер оны малға жегіпті. Ол жерден еріктілердің арқасында құтылған.
Баяғы арманы бар-ау деймін, балалық кезі сексуалдық қатынаста, зорлықта сондай болғаннан кейін бұл көп нәрсені өмірде жоғалтқан. Сол жоғалтқан қасиеттерін қайтадан осы анаға бергіміз келеді. Өйткені оның арманы... Ол арманын айта бермейді. «КӨМЕК» орталығының директоры Малика Жүсіпова
Нигора жасы отызға таяғанда алғаш рет қолына қалам алып, әріп танып жатыр. Оның ата-анасы, туысқандары іздестірілуде. Бірақ ол өзін ақшаға сатып жіберген ет жақындарын көргісі келмейді. Қазақстанда ұлыммен бірге жақсы өмір сүрсем дейді. Айта кетейік, бұл орталықта Нигора секілді жыныстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған тағы бес қыз бар.